Лисаковскідегі коллекторды қайта жаңарту
Лисаковск қаласы, Қостанай облысы.
Қостанай облысының Лисаковск қаласында шаруашылық-тұрмыстық кәріздің өздігінен ағатын коллекторын КК-116-дан 1-көтерілімдегі бас сорғы станциясының ғимаратына дейін қайта жаңарту.
Болжамды қаржыландыру көздері мен схемалары:
029 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша бюджеттік қаржыландыру.
Құрылыс объектісін іске асыру кезеңі:
Құрылыстың жалпы сметалық құны
830 189,16 мың теңге, оның ішінде ҚМЖ - 616 947,293 мың теңге, жабдық, жиһаз және мүкәммал - 61 889,885 мың теңге.
Жобада Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы қолданыстағы КК-116 құдығынан 1-көтерілімдегі бас сорғы станциясының ғимаратына дейінгі шаруашылық-тұрмыстық кәріздің өздігінен ағатын коллекторын қайта жаңарту көзделген. Жоба сыртқы кәріз желілерін қосуды, сондай-ақ сыртқы электрмен жабдықтауды қамтиды.
- сыртқы кәріз желілері (НК)
- сыртқы электрмен жабдықтау (НЭС)
- құрылыстық су төмендету (ПСВП)
- инженерлік жүйелерді өзара үйлестіру
- сметалық құжаттаманы әзірлеу
НК бөлімінің жоспарында кәріз желісін сорғы станциясының ғимаратына қосу
Жоспарда шұңқырлар мен қаптаманы орнату
Шұңқырлар мен қаптама көрсетілген К-1 желісінің бойлық профилі
НЭС бөлімінің жоспарында электрмен жабдықтау желісін сорғы станциясының ғимаратына қосу
НЭС бөліміндегі ЯУ принциптік схемасы